» » Үй салынып, бірақ құжаттары әлі рәсімделмеген болса...

Үй салынып, бірақ құжаттары әлі рәсімделмеген болса...

Нұр-Сұлтан қаласында 10-20 жыл бұрын салынған үйлердің құжаттары әлі рәсімделмеген жағдайлар жиі кездеседі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анзор Абаев айтты, деп жазды Хабар 24 krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Мекеменің сайтында комиссияға ең көп жолданған мәселелердің бірі 90-жылдары берілген жер телімдерінің құжаттары бүгінгі күнге дейін жасалмағаны айтылады. «2007 жылға дейін адамдар жер телімдерін алып, үй салды бірақ құжаттарын жасамады. Қазір ол үшін енгізу актісіне қол қойып, әділет органдарында тіркеліп, жерді рәсімдеу қажет. Әдетте, мәселе комиссияға жіберіледі және одан соң жер учаскесіне құқық беріледі», - деді Абаев. Оның айтуынша, комиссия азаматтардың мәселелерін жеке-жеке қарайды. Егер заң бұзушылық анықталса, мысалы, жылжымайтын мүлік рұқсатсыз немесе жобалық құжаттамаға сай салынбаған болса, қиындықтар туындауы мүмкін.

21 қазан 2019 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 941
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 579

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930