» » Тарифтік саясат жөніндегі кеңес құрылады

Тарифтік саясат жөніндегі кеңес құрылады

Тариф белгілеудің ашықтығын арттыру және жұртшылқты осы процеске тарту үшін бірқатар жаңа институт енгізілмек. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин бүгін Мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
– Тариф белгілеудің ашықтығы жөнінде уәкілетті органдарға көп сын тағылады. Осы орайда, бірқатар жаңа құрылым енгізу көзделіп отыр. Бірінші, тарифтік саясат жөніндегі кеңес. Ол табиғи монополиялар саласындағы реттеудің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын талқылау және әзірлеу жөніндегі консультациялық кеңесші орган. Кеңес тарифтік реттеу әдісін белгілеу бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді, табиғи монополиялар субъектісінің инвестициялық бағдарламалар жобаларына ұсыныстарын талқылайды және әзірлейді, тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерді, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуын қадағалайды, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, кеңес құрамына Парламент депутаттары, ҰКП өкілдері, қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және т.б. азаматтар кіреді. Вице-министр тарифтік саясат жөніндегі кеңестен бөлек «табиғи монополиялар қызметі тұтынушыларының қоғамдық бірлестігі» құрылатынын айтты. Бұл – субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын коммерциялық емес ұйымы.
13 ақпан 2018 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930