Құрылтай
» » Шын жүректен

Шын жүректен

Адам баласының бір-біріне қайыр қылып, мейіріммен қарауы керемет дүние. Әсіресе ол балаларға жасалса, тіпті нұр үстіне нұр. Осындай ізгі ниетті мақсат еткен аудандық "Қармақшы ата" мешіті 25 тамызда республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында 70 балаға оқу құралы салынған сөмкені тарту етті.
Аталған шараға Қазақстан Діни басқармасының жанындағы "Зекет" қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Тасболатұлы арнайы қатысты.
Сондай-ақ маусым-тамыз аралығында мешітте оқыған 65 шәкірттің 18-іне сертификат тапсырылды. Бұл Құранды жүргізіп оқи алатындай дәрежеге жеткен балалар. Оның ішінде Рахат есімді жасөспірім Шымкенттегі діни медресенің біріне грантқа оқуға қабылданды.
Акцияда балаларға тәтті балмұздақ таратылса, осындай ізгілікті іс істеген аудандық мешіт қызметкерлеріне ата-аналар риясыз алғысын жеткізді.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
28 тамыз 2019 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 587
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 048

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31