Қызылорданың романтикалық көрікті жерлері
Жағалау
Қызылорда Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Өзеннің өзі қаланың ең мақтанарлық жері. Жағалаудағы көз тартар жарық шамдар мен орындықтар бұл жерді одан әрі көріктендіре түседі. Дәл осы жерге мектеп түлектері таңды атыруға келеді. Атақты дарынды адамдар да дәл осы жағалаудан шабыт алатын. Әсіресе, күн батарда бұл жердің көркі қыза түседі. Серуендеуге шағатын жастардың да саны көп. Нағыз романтикалық әсем жерлердің бірі.
«Сыр сүлейлері» жаңа аллеясы
Аллеяның ортасында домбыра мен қобыз, қылқалам бейнеленген ескерткіш орналастырылған. Ескерткіштің түп мақсаты ауыз әдебиеті үлгілерін, Қорқыт жайын насихаттау. Бұл жерге келушілер уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, рухани азық алады.
Тұңғыш президент бағы
Жасыл шөптер, талдар мен көздің жауын алатын гүлдері бар баққа жастар жағы көп ағылады. Мұнда кез келген жыл мезгілінде сурет түсірілімін жасаса болады.
Сарқырама
Тарихы көп кішігірім арна қаланың орталығымен ағады. Мұнда да ғашығыңызбен ай жарығы астында серуендеп жүруге болады. Бірнеше жылдан соң осы жердегі алғашқы кездесуіңізді жақсы көңіл-күймен еске алып отыратын боласыз. Жұмысқа да, оқуға да апарар ең керемет жолдың бірі.
«Болашақ» көпірі
«Болашақ» университетінің жанында орналасқан көпірден, әсіресе, түнгі Қызылорданы көріп тамашалауға болады. Көпірге келген жастар арғы бетінен келесі бетке өткенге дейін тілек те айтып жатады.
Сыр-ана монументі
Сыр-ана монументі Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. 40 метрдей болатын ескерткіште қазақтың ұлттық киімін киген әйелдің билеген бейнесі жасалған. Оның қасында 107 саты арқылы алаңға шыға аласыз. Ол жерден барлық маңның панорамалық түрін көруге болады.
«Оазиз» су бұрқағы
Қызылорданың жазы өте ыстық. Сондықтан жаз кезінде барлығы субұрқағы астына жиналады. Ғашықтар дәл осы жерге келіп, ұзақ уақыт сырласа алады.
АЙНҰР ӘЛИ.