» » Елімізде құрастырылған электровоз алғаш рет экспортқа шығарылды

Елімізде құрастырылған электровоз алғаш рет экспортқа шығарылды

Қазақстанда құрастырылған электровоз алғаш рет экспортқа шығарылды. Электровоз құрастыру зауытында жиналған AZ 8 А локомотивіне «Әзербайжан темір жолы» компаниясы тапсырыс берген. Бүгін Астанада аталған техниканың таныстырылымы өтті. Жаңа үлгідегі Прима Т8 электровозы әлемдегі ең берік әрі сенімділердің қатарында. 8,8 мегаватт болатын қозғалтқыш қуаты салмағы 12 мың тоннаға дейін жететін жүк тасымалдауға қауқарлы. Ал жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жетеді. Табиғат тосын мінез танытқан кездерде, яғни минус 50 градустан +50 градусқа дейінгі ауа райында да жұмыс істей береді.   Жульен Ноди, электровоз құрастыру зауытының бас директоры: - А-Зет 8 А техникалық жабдықталу жағынан қазақстандық КZ 8 А локомотивіне ұқсайды. Яғни оларды құрастыру кезінде қолданылған бөлшектердің 95 пайызы бірдей. Ал ең басты айырмашылығы – климаттық жағдайға бейімделуі. Мәселен, Қазақстан үшін жасалғандары минус 50 градустан плюс 50 градусқа дейінгі аралықта жұмыс істей береді. Әл Әзербайжан үшін минус 25 деген көрсеткіш те жеткілікті.  Электровоз құрастыру зауыты акцияларының 50 пайызы Францияның Альстом компаниясына тиесілі. Сондықтан негізгі бөлшектер аталған мемлекеттен тасымалданады.  Жалпы компания Әзербайжанмен 50 локомотив бойынша келісімге келген. Оның 10-ы жолаушы, ал қалған 40-қа жүк тасуға арналған. Алғашқылары Францияда құрастырылады. Ал жүк тасымалы үшін қолданылатындары Қазақстанда жиналып, тапсырыс берушіге осы зауыттан жіберіледі.   Дидье Пфлегер, Alstom компаниясы президентінің орынбасары: - Бұл осы аймақтағы ең қуатты локомотив. Элктровоз құрастыру зауыты бұл техниканы экспортқа алғаш шығарып отыр. Алайда біз осыған ұқсас 3 мыңнан астам өнімді құрастырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тапсырыс берушілерге табыстадық.  Қазір зауытта 450 адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі жергілікті мамандар. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 600-ден асыру жоспарда бар. Ал жылына мұнда 100-ге жуық электровоз құрастырылады. Кәсіпорын жетекшілері болашақта бұл көрсеткішті арттырамыз деп отыр.  

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/249433-elimizde-rastyryl-an-elektrovoz-al-ash-ret-eksport-a-shy-aryldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
28 маусым 2018 ж. 7 142 1 041
Пікір қалдыру

Пікір 1 041

canada drugs online от 2 қазан 2020 16:46

canada drugs от 2 қазан 2020 17:19

online pharmacy canada от 6 қазан 2020 00:00

online pharmacy от 6 қазан 2020 03:26

reputable canadian pharmacy от 6 қазан 2020 06:08

canada pharmacy от 6 қазан 2020 08:09

online pharmacy от 6 қазан 2020 13:24

reputable online pharmacy от 6 қазан 2020 13:25

canadian pharmacies от 16 қазан 2020 20:14

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 434
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31