» » Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін

Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек, өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттелген. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5%-ын құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов сол 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын тарқата айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бастапқы жоспар бойынша жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5,0% аудару міндеті қойылған.
Мәжілісмен А.Аймағамбетов қаржы сарапшыларының пікірлерін алға тарта отырып, аталған 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын көтергенін жеткізді.
«Қазір Бірыңғай зейнетақы қорына әрқайсысымыздың жалақымыздан 10% аударым міндетті түрде жасалады. Былтыр жұмыс берушілер де өз қаражатынан аударым жасауға міндеттелді. Енді біз және қаржыгерлер осы қосымша жұмыс берушілердің төлейтін 5%-ының 4%-ын әр адамның жеке шотына берсе дейміз. 1%-ын жалпы қорға аударуды ұсынамыз. Өйткені елімізде жалақы алмайтын азаматтар да бар. Оларға да зейнетақы төленуі керек. Мәселен, қазір сіз БАҚ-та қызмет етіп жүрсеңіз әр жалақыңыздың 10%-ы БЖЗҚ-ға аударылып жатыр. Оған жұмыс берушінің 5%-ы да қосылады. Жоғарыда айтқан пікірімізді бұрынғы Ұлттық банк қызметкерлері, төрағалары да қолдап отыр. Менің де жеке пікірім осы ұстанымға саяды», деді депутат. 
05 қараша 2025 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728