» » Қазақстанда қандай жаңа банктер пайда болады және мұның экономикаға тигізер пайдасы қандай

Қазақстанда қандай жаңа банктер пайда болады және мұның экономикаға тигізер пайдасы қандай

Фото: Depositphotos
Елімізде алдағы уақытта бірнеше микроқаржы ұйымдары қайта құрылып, екінші деңгейлі банк дәрежесін алмақ. Қаржы ұйымдарының банкке айналуы ел экономикасына серпіліс беріп, нарықта бәсеке тудырары анық. Осы тұста Stan.kz тілшісі микроқаржы ұйымдарынан банк болып құрылу қалай жүріп жатқанын біліп көрді.
Экономист Андрей Чеботарев банктердің өзге өнеркәсіптердің еш айырмасы жоқ екенін айтады. Сәйкесінше, кәсіпөрін неғұрлым көп болса, тұтынушы үшін бұл өте пайдалы. Біздің жағдайымызда жеке тұлға да, заңды тұлға да банк секторында бәсекенің дамуынан тек ұтыста болады. 
“Монополия дамуды тежейді, монополия жағдайында саған өз өнімдеріңді жақсартудың керегі жоқ. Мемлекет те монополиямен күресіп келеді. Бірақ табиғи монополияны жою өте қиын, сондықтан оны тек реттеп отырады. Нарық монополиядан әлде қайда жақсы. Екіншіден, президент жолдауында елге үш шетелдік банкті тартуды айтқан еді. Бұл жергілікті нарықта бәсекені күшейтіп, экономиканы қаржыландыруды жақсартуға бағытталған. Өйткені бізде экономикалық агенттер толық қаржыландырмаған. Сондықтан президент мұнымен шетелдік банктер күреседі деп ойлайды. Бірақ мен мұнымен келіспес едім, өйткені шетелдік банктер Қазақстанға келген соң біздің экономикалық жағдайға қарап, жергілікті банктердің шартымен жұмыс істейді. Мысалы, Америкада 2 пайызбен несие беріп келген банк Қазақстанда да дәл солай несие бере алмайды. Себебі біздегі инфляция деңгейі АҚШ-тағыдан жоғары. Алайда жаңа банктердің нарыққа енуі бәсеке үшін жақсы. Шағын және орта бизнеске арналған банктер жеткіліксіз”, – дейді экономист. 
Андрей Чеботаревтің сөзінше, халық саны мен экономикалық жағдайы Қазақстанға ұқсас өзге елдерде банк саны айтарлықтай көп. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының банкке айналуы сәтті жүзеге асады деп сенетінін жеткізді. 
KMF
Қазақстанда банк дәрежесін алу жөнінде алғашқылардың бірі болып KMF микроқаржы ұйымы хабарлаған еді. Редакцияның ресми сауалына жауап берген басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова маңызды процестің қай кезеңде екені жайлы мәліметтермен бөлісті. Оның сөзінше, "KMF" МҚҰ" ЖШС 2024 жылдың 30 мамырында қайтадан мемлекеттік тіркеуден өтіп, "Акционерлік қоғам" ретінде тіркелген. 
"Ал 5 тамызда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "KMF" Микроқаржы ұйымы" АҚ-ның ұзақмерзімді рейтингін "В+" деңгейінде деп бағалады. Сонымен қатар KMF-тің ұлттық ұзақмерзімді рейтингін "ВВВ" деп нақтылады, болжам тұрақты. 26 тамызда акционерлердің жалпы жиналысында микроқаржы ұйымынан банк болып ауысу туралы шешім қабылданды. Қазір КМФ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш беруге арналған құжаттарды жинау процесін аяқтап жатыр. Банк болып өзгеруге рұқсат алу үшін өтінішті жақын арада табыстаймыз", – деді өз сөзінде Қарлығаш Райханова. 
Микроқаржы ұйымы өкілінің сөзінше, банк болып қайта құрылу ұзақ процесс. Сонымен қатар заңда бекітілген, мерзімі белгіленген бірнеше кезеңнен тұрады. Осыған байланысты банк лицензиясын 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында алу жоспарланып отыр екен. 
Қарлығаш Райханова микроқаржы ұйымы банк болып өзгерген бірнеше бағытқа басымдық беретінін айтады. 
"Ең алдымен, экономикалық және банк секторындағы өзгерістерге тиімді жауап беру үшін қауіп-қатерді басқару стратегиясын күшейтеміз. Екіншіден, цифрлық каналдар мен бизнес процестерін автоматтандыруды әрі қарай дамытамыз. Бұл клиенттермен жұмыс кезіндегі тиімділікті арттырады. Үшіншіден қызметкерлердің білім алуы мен дамуына инвестиция құюды жалғастырамыз. Бұдан бөлек тұрақты даму мен ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік принциптерін (ESG) ұстанамыз, бұл бізге нарықтағы орнымызды ұзақ мерзімге бекітуге көмектеседі", – деп аяқтады микроқаржы ұйымының өкілі. 
BNK Finance
Оңтүстіккореялық BNK Financial Group Inc. құрамына  кіретін BNK Finance микроқаржы ұйымының банкке айналатыны туралы алғаш рет 2024 жылдың маусымында айтыла бастаған. 
"БиЭнКей Финанс Қазақстан" микроқаржы ұйымы" АҚ 2018 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді. 2021 жылдан бері ұйымның активі 5 есе өсіп, 20,3 миллиард теңгеге жеткен. Редакцияның ресми сауалына жауап берген компания 2024 жылдың 12 маусымында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен екінші деңгейлі банк болып қайта құрылуға рұқсат алған. 
"Банк болып қайта құрылу қаржы қызметтері ауқымын кеңейтіп, клиенттерге ақшаларын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа корейлік еншілес банктің қызметі екі елдің де ұлттық валюталарында есеп айырысу механизміне жол ашады. "БиЭнКей Финанс Қазақстанның" жаңа мәртебесі банк секторында бәсекені арттырады. Жаңа банктің пайда болуы, ең алдымен, қаржы нарығындағы клиенттерге пайдалы. Шетелдік банк халықаралық топтың үздік ұжымдық стандарттарына сәйкес қызмет көрсетеді", – делінген компания жауабында. 
Бүгінде микроқаржы ұйымы лицензия алуға қажетті құрылымдық және техникалық шараларды қабылдап жатыр екен. Жоспарға сәйкес BNK Finance 2025 жылы екінші деңгейлі банктер қатарына қосылуы керек.
BNK Financial Group Inc. – активі 129 миллиард доллардан асатын оңтүстікореялық ірі қаржы құрылымы. Оның құрамында 2 банк бар. 
Банктер қатарына қосылатын үшінші микроқаржы ұйымы – Solva. 25 маусымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Solva микроқаржы ұйымының агенттік тарапынан айтылған ескертулер бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген еді. 
01 қазан 2024 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031