» » БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы шотында қаржының неліктен азайғанын түсіндірді

БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы шотында қаржының неліктен азайғанын түсіндірді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың есепшотындағы қаржының неліктен азайғанын түсіндіріп берді деп хабарлайды КТК арнасы. 
Бұған дейін азаматтар өз есепшоттарында жиналған қаржының біршама азайғанын мәлімдеген еді. БЖЗҚ мәліметінше, барлық зейнет жинақтарының 30%-ы шетелдік валютаға ауыстырылады. Салдарынан наурызда доллар бағамы төмендегендіктен, инвестицияның валюталық бөлігі де айтарлықтай төмендеген. 
Әр сейсенбі сайын БЖЗҚ валюта бағамының өзгеруіне байланысты қайта есептеу жүргізеді. Нәтижесінде салымшылардың шотындағы қаржы апта сайын өзгеріп отыруы мүмкін. 
«Қазақстандықтардың ақшасы Қазақстанға жұмыс істеуі керек. Сәйкесінше түрлі қатердің алдын алу үшін қаржының бір бөлігін өзге валютаға инвестициялау туралы шешім қабылданды», – деді БЖЗҚ АҚ Астанадағы филиалының директоры Мұрат Шәріпов. 
Қор мәліметінше зейнет жинақтарының бір бөлігін өзге валютаға инвестиция жасау халықаралық тәжірибеде бар екен. 
15 наурыз 2023 ж. 2 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 449

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031