» » Келер жылы инфляция қай деңгейде болады? Ұлттық банк болжамы

Келер жылы инфляция қай деңгейде болады? Ұлттық банк болжамы

Ұлттық банк мәліметінше, елде инфляция әлі де жоғары деңгейде болып отыр. Қараша айында оның жылдық мәні 19,6% болып, барлық компонент бойынша өскен. 
Сарапшылар түрлі факторларды ескергенде биыл жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасатынын, 2023 жылы 11-13%, 2024 жылы 7-9% шегінде болады деп болжап отыр.
"Биыл ЖІӨ-нің өсуі 2-3% шегінде қалыптасып, кейіннен 2023 жылы 3-4%-ға дейін жылдамдайды. Бұл бұрын болжанған сыртқы сұраныстың әлсіреуіне, мұнай өндірудің біршама қалыпты болуына және кейде Қазақстан экспортын әлемдік нарықтарға жеткізуде туындайтын проблемаларға байланысты. Инфляция бойынша болжам тәуекелдері геосаяси шиеленістің салдарына және оның одан әрі дамуына қатысты белгісіздікке, сауданы құрылымдық қайта құру кезеңінің ұзақтығына, инфляциялық күтудің жоғары және тұрақсыз болуына, жоғары азық-түлік инфляциясының сақталуына байланысты"  делінген ұлттық банк ақпаратында.


07 қаңтар 2023 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930