» » Қызылордалық жастар кәсіпкерлермен кездесті

Қызылордалық жастар кәсіпкерлермен кездесті



Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Табыс. Жетістік. Құпия» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Іс-шара барысында жергілікті өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков шараның шымылдығын ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Одан әрі, жиналғандар алдында «Раим» ЖШС құрылтайшысы, облыстық Кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ерлан Раимов кәсіпкерлікті қалай бастағанын, Сыр өңіріндегі алғашқы мейрамхана «Қыз Жібектің» ашылу тарихы жайлы сөз қозғады.
Ал көпбалалы ана, журналист, ақын, блогер Асылзат Арыстанбек өмірде кездескен қиыншылықтарға мойымай, тек алға ұмытылып, еңбекпен бәрін жеңе білу керек екендігін дәлелмен келтірді. Облыстық мәслихат депутаты, «Абзал и К» ТС директоры, облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев, дизайнер, «Aida couture» дизайн-студиясының директоры Аида Темір сөз сөйлеп, өздерінің табысты кейстерімен, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдауымен және жастарға арналған мүмкіндіктер, бизнесті ашу және дамыту тәжірибесімен бөлісті. Үздік кәсіпкер болудың қыр-сырын үйретті, жастарды ынталандырды.
Жиналған жастар кәсіпкерлік жайлы біршама мәліметтер алып, ойларын түйіндеді.


08 ақпан 2021 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 220
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031