» » Үкімет зейнет жасын төмендете ме?

Үкімет зейнет жасын төмендете ме?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Зейнетақы жасын төмендету туралы ұсыныс қарастырылып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Зейнет жасын төмендету туралы ұсыныстар расымен түсіп жатыр. Зейнет жасының ұлғайтылуы немесе төмендетілуі бір мезетте шешілетін дүние емес. Бұл шешім қабылданбас бұрын, әлем елдерінде үлкен зерттеулерге, мерзімдік-өзекті болжамдарға сүйеніп отырып жасалады. Бұл жерде экономикалық, демографиялық факторлар ескеріледі. Бұған қоса жұмыс істеп жүрген азаматтар мен зейнеткерлердің арасындағы арақатынасы, халықтың қартаюы динамикасы сынды көрсеткіштер есепке алынады», – деді министр.

Көршілес мемлекеттер мен Еуропа елдерін мысалға келтіре отырып, Нұрымбетов зейнетақы жасы төмендетілмейтінін кесіп айтты.

«Осыдан он жыл бұрын зейнтекерлердің саны жұмыс істеп жүргендерге қатысты 20%-ті құраса, қазір бұл көрсеткіш 30%-ды көрсетіп отыр. Сондай-ақ 65 жастан асқан аға буынның үлесі көбейіп жатыр. Биыл бұл 7,7%-дан асты.Қазіргі күні әлем елдері зейнетақы жасын көбейтіп жатыр. Сол себепті де осы әлемдегі трендтерді ескере отырып, үкімет зейнетақы жасын қарастырмайды», – деді Нұрымбетов.
10 қазан 2020 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 912
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 559

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930