» » «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы

«Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде.

Бүгінгі күні карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте аталмыш ақпараттық жүйенің тиімділігі жоғары екенін атап, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етті» деген болатын.

Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек.

Картада нақты уақыт режимінде облыстағы әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінген бюджеттік қаражат туралы, жеткізушілер туралы ақпарат, бөлінген сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер және басқа да ақпараттар көрсетіледі. Республиканың кез келген азаматы картаның көмегімен облыстағы әлеуметтік нысандарға қанша қаражат бөлінгенін біле алады, сонымен қатар бюджеттік шығындарды бақылайды. Сомалар бойынша келіспеушіліктер немесе сәйкессіздіктер болған жағдайда, азамат белгілі бір бағыттарға қаражат бөлу туралы өз бастамаларын жасауға құқылы.

Карта іске қосылғаннан бері ел бойынша 8,3 трлн теңге көлемінде17 мыңнан аса мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаты жарияланған. Оның жартысы (4,08 трлн теңге) биылғы жылы қолжетімді болды. Картадағы барлық қолжетімді бюджеттер 1 млн аса қаралып, нәтижесінде азаматтар тарапынан пікірлер қалдырылған.

Ал облыс бойынша картада 1883 бюджет жарияланып, 706 ұйым тіркелді және 3 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы мемлекеттік органдармен дер кезінде қаралды. Айта кету қажет, енгізілген бюджеттің жалпы көлемі 663,6 млрд теңгені құрап отыр.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар мен бөлінген қаражат арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда азаматтар осы картада пікірлерін қалдыра алады.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы»
01 қазан 2020 ж. 1 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031