» » Қызылордада өңірлік кеңес мүшелері байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселесіне көмек сұрауда

Қызылордада өңірлік кеңес мүшелері байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселесіне көмек сұрауда

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевқа аймақтағы бизнес ахуалдың жағдайын айта келе, өзекті мәселелерді шешуде көмек сұрады.

Онлайн кездесуде Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев төтенше жағдайға дейін облыста 46 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасағанын, онда 94 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын, алайда орын алған ахуалға орай жыл басынан бері 4 мың адам жұмыстан қысқартылғанын жеткізді.

Қазірдің өзінде мейрамхана, кинотеатрлар мен өзге де ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылғанын айтқан кәсіпкер, аймақтағы 145 мейрамхананың 9-ы қызметі өзге салаға бейімделіп жатқанын да жеткізді.

Кездесуде Қайрат Жомартұлы осындай қиын сәтте кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды да сезініп жатқанын, дәлірек айтқанда 8 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі несиесін төлеу мерзімін ұзарта алғандығын, 51 мың кәсіпкер салық төлемдерінен жеңілдік алғанын, 9 мың кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан босатылғандығын, сауда алаңдарында 8 мыңға жуық кәсіпкерге жалға алған ғимараттарында жеңілдік жасалғандығын да атап өтті.

Мұнан өзге, облыста бизнесті қолдауға арналған 2023 жылға дейінгі арнайы жоспар қабылданғандығын, бұл жоспардан кәсіпкерлер көп үміт күтетінін де айтып өтті.

«Дегенмен, мемлекеттік қолдау туралы айтқанда үнемі назардан тыс қалатын кәсіпкерлеріміз бар. Ол Байқоңыр қаласындағы әріптестеріміз. Ол жақта 500-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жұмыс жасап жатыр. Төтенше жағдай, одан кейінгі карантин кезеңдерінде Байқоңырда қабылданған екі елдік әр түрлі норматьивтік құжаттарының салдары сол жердегі кәсіпкерлерге айтарлықтай салмақ салып отыр. Мәселен, байқоңырлық кәсіпкерлердің басым бөлігі бизнесін жанында орналасқан Төретам кентінде жүргізеді. Пандемия жағдайында қала толықтай жабық болды. Ал қаладағы кәсіпкерлер кезең-кезеңімен жұмысын жалғастырған, жанында тұрған Төретамға жұмыстарына бара алмады. Тіпті қазірдің өзінде байқоңырлық кәсіпкерлердің өз аттарында жылжымайтын мүлкі болмауы салдарынан мемлекеттен көрсетіліп жтқан қаржылық қолдау тетіктерін де қолдана алмайды. Бұл жағдайда республикалық деңгейде қандай да бір нормативтік құжатты қабылдау барысында байқоңырлық кәсіпкерлердің жағдайы арнайы қарастырылса дұрыс болар еді. Қазір қолдаудан қағылып отырған бизнес нысандарының ертеңгі күні жабылып қалу қауіпі зор», - деді Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев.

Мұнан өзге, онлайн кездесуде қызылордалық кәсіпкерлер бәсекелестік ортаны дамыту үшін экономиканың басым секторларында мемлекеттік қатысуын азайту, жобала саласындағы кәсіпкерлердің проблемасын да жеткізді.

Кездесуді қорытындылаған «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Құрметті әріптестер, кездесуде көрсеткен белсенділіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біз басқармамен және дирекциямен өңірлік кеңес мүшелерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру жөнінде келісіп отырмыз. Өңірлік кеңес мүшелерінен аймақтағы кәсіпкерлердің мәселелеріне, жалпы бизнестің хал-ахуалына талдау жасап отыруды сұрағым келіп отыр. Қай саланың көбірек зиян шегіп жатқанын біліп отырсаңыздар. Өздеріңіз де білесіздер, Үкімет кәсіпкерлікті қолдауда бірқатар шаралар қабылдады. «Атамекеннің» атынан берген ұсыныстарымыз қазір жүзеге асырылып жатыр. Енді оның тиімділігін қарау керек. Бұл қолдаудың тиімсіз немесе қолданысқа жарамайтын тұстарын ертерек анықтап, түзетулер енгізіп отыру қажет. Сол үшін де Сіздермен кездесіп, пікір алмасып отыру аса маңызды. Бизнесті қолдауға арналған бағдарламалардың тиімділігіне қатысты бағаны кәсіпкерлердің өзі беруі тиіс деп санаймын», - деді.
23 қыркүйек 2020 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031