» » Латын Америкасы – жемқорлыққа қарсы серіктестіктің жаңа бағдары

Латын Америкасы – жемқорлыққа қарсы серіктестіктің жаңа бағдары

Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолындағы алғашқы ел – Бразилия.
Алик Шпекбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады. Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Бразилия елшісіне халықаралық стандарттарды енгізу бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикциялардағы активтерді иеленуге тыйым салу, заңсыз баю үшін жауапкершілік енгізу жөніндегі Антикор қабылдаған шаралар туралы ақпарат берілді.
Өз кезегінде Корреа Барбоза мырза Агенттікке келуінің елші болып тағайындалған кезден бастап Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік органға аяқ басуы екенін атап өтіп, өз елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының институционалдық негіздері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бразилияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне 5 негізгі субъект кіреді: бас бақылаушы, федералды полиция, федералды есеп палатасы, қоғамдық министрлік және қаржылық қызметті бақылау кеңесі.
Әлемге әйгілі «Ашықтық порталы» ресми мемлекеттік ресурсы Қазақстан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. Онда федералдық бюджет пен штаттар бюджеттері шығыстарының баптары, елдің саясаткерлері мен шенеуніктерінің декларациялары, сондай-ақ азаматтар мен БАҚ-ты қызықтыратын бірқатар өзге қаржылық ақпарат орналастырылған. Елшінің айтуынша, портал бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылаудың қуатты құралына айналды және оның арқасында мемлекеттік аппараттың шығыстары 25% - ға қысқарды. Ресурс мүмкіндіктерінің мысалы ретінде Елші мырза тіпті оның жалақысы осы ресурста орналастырылғанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар құзыретті органдармен қоса, одан әрі ынтымақтастық туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
21 қыркүйек 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031