» » Австрия елшісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға қосқан үлесі

Австрия елшісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға қосқан үлесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Төраға Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Австрия Республикасының елшісі Герхард Сайлермен кездесті.
Әңгіме барысында Агенттік басшысы ведомствоның жүргізіп отырған жұмысы мен оның негізгі нәтижелері, сондай-ақ Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 19 тамызында берілген тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы айтып берді.
Елші Сайлер Агенттік Төрағасына нәтижелі екі жақты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
Атап айтқанда, ол бизнес-жобалар мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау желісі бойынша ведомство қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі заманғы құрылымы ең үздік шетелдік модельдер негізінде құрылғандығы да атап өтілді.Атап айтқанда, үлгі ретінде Австрияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы федералды бюросының (BAK) құрылымы қабылданды, оның қызметі алдын алу, ағарту, серіктестік, ынтымақтастық және қылмыстық-құқықтық шаралар бағыттары бойынша құрылған.
Сонымен қатар, ол 2018 жылғы қарашада Қазақстанның қаржылық қолдауымен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның жемқорлыққа қарсы органдары үшін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (МАКА, Лаксенбург қ., Австрия) базасында тренинг өткізілгенін атап өтті.
2019 жылғы 2-4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында МАКА тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысын өткізу екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін берді, оған 50 ел мен халықаралық ұйымдардан 130-дан астам шетелдік делегаттар қатысты.
Алик Шпекбаев Сайлер мырзаның Агенттіктің Нұр-сұлтан қаласындағы және БҰҰ алаңдарындағы бірқатар халықаралық іс-шараларына австриялық әріптестерін белсенді қатыстырудағырөліне ден қойды.
Кездесу соңында төраға дипломатты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге қосқан үлесі үшін ведомстволық медальмен марапаттап, жоғарыда аталған бастамалар және австриялық уәкілетті органдармен тығыз ынтымақтастық арқылы Агенттікті дамытуға қолдау көрсеткенін ерекшеайтып өтті.
Тараптар екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында одан әрі үздік тәжірибемен алмасу мен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
26 тамыз 2020 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031