Ұлттық экономика министрі 30 елдің қатарына кіру үшін не істеу керегін айтты
Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан DoingBusiness рейтингінде 2025 жылы алғашқы 20 елдің қатарына кіру керектігін айтты.
«Қазақстанға 2050 жылға қарай әлемнің ТОП-30 экономикасына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет. Экономикалық өсудің тұрақты қарқыны ел экономикасына инвестициялар ағынымен сүйемелденеді. Бұл жерде инвесторлардың рөлі ерекше. Инвесторларға ең алдымен елдің инвестициялық ахуалы маңызды. Ол жаһандық рейтингтермен және индекстермен өлшенеді. Экономикаға инвестордың келуіне жеті көрсеткіш ықпал етеді. Олар: бизнесті жүргізудің жеңілдігі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы, кедендік ресімдеудің тиімділігі, халықтың орта және жоғары білім деңгейі, сондай-ақ тәуелсіз кредиттік рейтингтер», - дейді Руслан Дәленов. Оның айтуынша, инвесторлар осы көрсеткіштерге қарайды. Соның негізінде инвесторлар шешім қабылдайды екен.
«Doing Business бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 2019 жылы әлемнің 140 елінің ішінде 28-орында тұр. Біз өзіміздің алдымызға 2025 жылы алғашқы 20 елдің қатарына кіруге мақсат қойып отырмыз. Бүгінгі таңда бұл Финляндия, Австралия және Латвия сияқты елдердің деңгейі», - деді министр.
ТОП-30 қатарына кіруімізге халықаралық сауда саласы, энергиямен жабдықтау жүйесіне қосылу, құрылысқа рұқсат алу, кредиттер алу және салық салу, кәсіпорын мен меншікті тіркеу рәсімдері рейтингте тежеуші факторлар болып тұр екен.
«Қазақстанның өңірлері бөлінісінде, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. Соңғы орындарда – Қарағанды, Өскемен және Тараз қалалары. Дүниежүзілік банктің келесі өңірлік шолуын 2021 жылы өткізуі жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар сол уақытқа өз позицияларын жақсарту үшін тежеуші факторларға назар аударулары қажет», - дейді Руслан Дәленов.

Бек ТӨЛЕУОВ