» » Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мектептерде бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау өтіп, қорытынды аттестаттауға дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.




Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығында,  ал 11 (12)-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым күндері өтеді.
9-сынып оқушылары мына пәндерден емтихан тапсырады:
– 29 мамыр – математикадан (алгебра) жазбаша емтихан;
– 3 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан;
– 8 маусым – қазақ тілі немесе орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептердегі ана тілі бойынша эссе;
– 11 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.

11 (12)-сынып түлектері үшін емтихан кестесі төмендегідей:
– 2 маусым – Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
– 5 маусым – алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
– 9 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;
– 12 маусым – таңдау пәні бойынша емтихан;
– 15 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.
Сонымен қатар 5-8 және 10-сынып оқушылары мамыр айының соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады.
11 мамыр 2026 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930