» » Кореяның Бірінші ханымы Алматыда қазақ мәдениетімен танысты

Кореяның Бірінші ханымы Алматыда қазақ мәдениетімен танысты


Қазақстандағы сапарын Алматыдан бастаған Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында болды.
Театр ұжымы мәртебелі мейманға Қазақстанға депортацияланған корейлердің тағдыры туралы қойылым көрсетті. 82 жыл бұрын оларды қазақ жеріне әкелген эшелонның дауысы, бала мен ананың жанайқайы, өзіне жетпей жатса да қолындағысымен бөліскен қазақтың бауырмалдығы. Қойылымда осындай тарихи сәттер көрініс тапты. Актерлар үш тілде- корей, қазақ және орыс тілінде сөйледі. Көрермендер сахнадағы көріністі ілеспе аудармасыз-ақ түсінгені анық. Ал қойылым соңында қазақтың «Атамекен» әні шырқалғанда Корея президенті бастаған көрермендер тік тұрып қошемет көрсетті. Кездесу соңында Мун Чже Ин шығармашылық топ мүшелерімен естелік суретке түсті. Любовь Ни, мемлекеттік академиялық корей музыкалық театрының директоры:
- Біздің авторлар жазған спектакльді көрсетуді жөн көрдік. Бұл қойылым корейлердің өмірінен, бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 110-115 мың корей тату-тәтті өмір сүріп келеді. Менің театрымда 96 адам жұмыс істейді. Біздің, яғни Қазақстандағы корей театры жасы жағынан Солтүстік және Оңтүстік Кореядағы таетрлардан үлкен.
Ал Сеулде Кореяның бірінші ханымы Ким Чжон Сук «Ұлы дала мұрасы - зергерлік өнердің үздік туындылары» атты көрмені тамашалады. Кореяның орталық мемлекеттік музейінде қазақтың ұлттық әшекейлерін көріп, басты жәдігер Алтын адамның тарихымен танысты. Ким Чжон Сук екі елдің мәдениетінің ұқсастығына назар аударған. Сондай-ақ, бірінші ханым көрме барысында қазақстандықтармен кездесті.
Ким Чжон Сук, Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы:-
Қиын кезеңде біздің ұлттың өкілдерін бауырына басып, қолдағаны үшін қазақ халқына алғыс білдіремін. Бұл кездесуден соң біздің мемлекеттеріміз арасындағы байланыс бұрынғыдан да беки түседі.
Динара Қошқарбаева, Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі:-
Аузын ашса жүрегі көрінетін, өте қарапайым мейірімді жан екен. Ол кісімен Қазақстан мәдениеті жайлы. Өзі өнер адам болғандықтан Қазақстан музыкасы жайлы, экономикасы жайлы осындай әңгімелер қозғалды.

21 сәуір 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031