» » Елордада 71 жастағы әжей 34-қабатқа тоғыз минутта жүгіріп шықты

Елордада 71 жастағы әжей 34-қабатқа тоғыз минутта жүгіріп шықты

300-ден аса елорда тұрғыны мен қонақтары биікті бағындырды. Спортқа жақын жандар Астанадағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінің 34-қабатына дейін жүгіріп шықты.
Өз биігіңді бағындыр да ізгі іске үлес қос. Марафоншылар осындай ұранмен жиылған. Әуесқой спортшылар бір-бірінің ізін ала көк тіреген «Хайвилдің» отыз төртінші қабатына жаяу аттанды. Желаяқтардың ең кішісі 18 жаста. Ересегі 70-тен асқан. Таң қалмаңыз, дәл осы 71-дегі спортшы бүгін жастарға үлгі көрсетіп, әйелдер арасында бірінші болып мәрені кесті.
Амегульсин Мирошниченко (Ред.):
- Жасым 71-де. Жас кезден жүгіремін. Ультрамарафонның ардагерімін. Азды-көпті үлгі болайын деп жүгіріп шықтым.
Нәдір Қырымбаев, марафонға қатысушы /Орал/:
- Осы жарысқа Орал қаласынан арнайы келіп тұрмын. Бүгінгі жарыстың ерекшелігі – бұл вертикалды жүгіру. Өте қызықты. Бірақ, өте ауыр. Тіке жүгіргеннен гөрі жоғарыға жүгірген өте ауыр. Осы 34 қабатты мен 6 минутта жүгіріп шықтым. Алдыма қойған мақсатымды орындадым.
Биікті бағындырған азаматтар игі іске үлес қосып отыр. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша, жарысқа қатысу үшін төленген қаражат көпбалалы отбасыларға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне бағытталады. Атап өтейік, өзгеден оқ бойы озық шыққандар марапатсыз қалмады. 34 қабатты жылдам еңсерген марафоншыларға «Highvill-Kazakhstan» компаниясының атынан медаль мен ақшалай сыйақы үлестірілді.
24.kz
10 қыркүйек 2018 ж. 1 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031