» » Димаш Құдайбергеннің Қазақстан туралы жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің Қазақстан туралы жаңа бейнебаяны шықты

Бұл туралы танымал әнші әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен бүгін мен сіздерге “Киелі мекен” әніне бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс менің Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған. Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық. Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін, - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Димаш.
Сондай-ақ бүгін Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар KazakhTourism ҰК АҚ мен отандық танымал әнші арасындағы бірлескен жобаның жұмысына бірінші болып куә болды. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.
"Киелі мекенім" жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.
27 қараша 2024 ж. 2 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 689

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031