Топ-баннер
» » » Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты әнінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Димаш Құдайберген бейнебаянына өзі режиссер болғаны туралы жазған болатынбыз. Димаштың жаңа бейнебаяны туралы оның жанкүйерлерінің Instagram парақшасына жарияланды. «Димаштың жаңа әніне қолдау білдіргілеріңіз келсе, сілтеме бойынша өтіп, YouTube желісінен тамашалаңыздар», - деп жазылған Instagram парақшада. «Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген, Орал Байсеңгір жазған. Бейнебаян бір сағат ішінде 50 мыңға жуық көрілім жинап, 3,5 мың адам пікір жазған. «Бейнебаянды түсірген топқа үлкен алғыс айтам. Көп жұмыс атқарылған және бәрі жоғары деңгейде. Жарайсың! Көріп, естіп отырған әнге жүрегің елжіреп, жаның ауырады. Көзімнен жас тоқтар емес. Рахмет!», - деп пікір жазды Надежда Гринь есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

10 тамыз 2020 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 460
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728