» » Қызылорда қаласында 7-сынып оқушысы асық ойнайтын робот ойлап тапты

Қызылорда қаласында 7-сынып оқушысы асық ойнайтын робот ойлап тапты

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда қаласында 7-сынып оқушысы асық ойнайтын робот ойлап тапты. Жеткіншек бұл жобасын алдағы IT жарыстарға дайындап жатыр. Бұдан бөлек "бағдарламалау мектебі" жобасы аясында қаладағы білім ұяларында өзге де оқушылар өздерінің тың идеяларын іске асыруда. Дидар Көбенов №3 IT мектеп-лицейінің 7-сыныбында оқиды. Ол асық атуды құрдасымен емес, құлтемірмен ойнауды жөн көріпті. Оқушы өз жобасы арқылы ұлттық ойынды насихаттағым келеді дейді. Дидардың айтуынша, роботтың жобасын сызып құрастыруға көп уақыт кетпеген. ДИДАР КӨБЕНОВ, Қызылорда қаласы №3 IT мектеп-лицейінің оқушысы: – Роботтың аты - асық ату. Бұл роботтың мақсаты шеңберде тұрған асықтарды атып, шеңберден шығару. Бұл роботты жарысқа дайындап жатырмын. Бұл жерде жолақшаның бойымен асық сырғанап келеді де асық резинканың күшімен атылады. 3-сынып оқушысы Аруна Даниярова бір жылдан бері осы мектептегі 3Д модельдеу үйірмесіне қатысады. Мұнда ол 3Д қаламы арқылы түрлі бұйымдарды қолмен жасайды. Балақай бос уақытымды осы үйірмедегі жұмыстарыма арнаймын дейді. АРУНА ДАНИЯРОВА, Қызылорда қаласы №3 IT мектеп-лицейінің оқушысы: – Біз мектептегі үйірмеде 3Д қаламмен түрлі бейнелер жасадық. Бұл жасап шығарған заттарды сыйлық ретінде үйімізді әсемдеу үшін қолдануға болады. Былтыр қолға алынған "бағдарламалау мектебі" жобасы № 3 IT мектеп-лицейінде 3 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Мәселен жоба аясында мектепті басқару жұмыстарын автоматтандыру, оқушыларға арналған 13 үйірме, сондай-ақ телестудия кабинеті жұмыс істейді. Қазір балалар осы арқылы IT әлемінің мүмкіндіктерін ашып, тәжірибе жинауда. ГҮЛЖАЗИРА ӘБДІРАЗАҚОВА, Қызылорда қаласы №3 IT информатика пәнінің мұғалімі: – Ең біріншіден оқушылардың шығармашылығын дамыту. Яғни оқушылардың интеллектісін қозғайды. Оқушының бос уақытын игеру. Яғни оқушы бос уақытында мектепке келіп, мұғалімдермен жұмыс жасап, өздерін дамыту үстінде. Білім ұясының басшылығы алдағы уақытта техникалық базаны дамыту үшін жұмыстар атқарылатынын айтады. Ал "бағдарламау мектебі" жобасы қала бойынша барлық мектептерде қолға алынған.

15 қараша 2022 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031