» » Отандық спортшылар кенеттен тоқтап қалған Әнұранды өздері жалғастырып әкетті

Отандық спортшылар кенеттен тоқтап қалған Әнұранды өздері жалғастырып әкетті

Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға қатысып жатқан су добынан Қазақстан қыздар құрамасы еліміздің Әнұранын өздері айтып шыққан.

«Бірінші ойында қазақстандықтар Қытай құрмасына қарсы ойнады. Дәстүр бойынша, кездесу екі елдің Әнұранымен басталған болатын. Алайда, 8-секундқа келгенде техникалық қателіктерге байланысты Қазақстан Республикасының Әнұраны тоқтап қалды. Алайда, қыздар командасы еш сасқан жоқ. Олар өз дауыстарымен еліміздің мемлекеттік Әнұранын толықтай айтып шықты», - делінген хабарламада. 
Команданың бұл әрекетіне риза болған жанкүйерлер қошеметін аяған жоқ. Ал аталған матч 11:10 есебімен біздің команданың пайдасына аяқталды. 




25 қыркүйек 2019 ж. 5 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031