Қытайда 70 жылда алғаш рет адам саны азайды
2018 жылы Қытайдағы халық саны 1,27 миллион адамға азайды. Мамандар КХР Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу Мемлекеттік комитетінің статистикалық мәліметтері мен басқа да мәліметтерді зерттеген соң осындай қорытынды жасаған.
Ғалымдар Қытайда дүниеге келген балалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 миллион адамға азайғанын анықтаған. Бастапқыда бұл көрсеткіш 790 мың адамға өседі деп болжанған екен.
Осылайша Қытайда 70 жылда алғаш рет халық саны азайды. Бірақ Қытайдағы халық санының өзгергені жайлы әлі ресми мәлімет жарияланған жоқ.Басылым хабарлауынша, статистика қаңтар айының соңында дейін жарияланады.
Пікір 96