» » 12 жастағы талантты бала ең ірі университеттің студенті атанды

12 жастағы талантты бала ең ірі университеттің студенті атанды

12 жастағы талантты бала Мексикадағы ең ірі университеттің студенті атанды
12 жастағы талантты бала Мексикадағы ең ірі университет саналатын Ұлттық автономды жоғарғы оқу орнының студенті атанды. 
Карлос Антонио Сантамарияны университеттегілер 9 жасынан бастап біледі. Ол аналитикалық химия, биохимия және молекулалық биология пәндері бойынша курсты сәтті аяқтаған. Оқуды жалғастыру мақсатында Карлос 6 тамыздан басталатын биомедицина курсын таңдады. 
"Ол ата-анасы ертіп келетін жалғыз студент болады", – делінген баспасөз мәлімдемесінде. Жоғарғы оқу орнына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін Сантамария орта мектептің бітіру емтихандарын мерзімінен бұрын тапсырған. 
"Мен тек қана оқуды қалаймын. Егер мені есіктен қуып жіберсе терезеден кіремін", – дейді жас студент. Баланы Мексикадағы АҚШ елшілігі "гений және кішкентай мексикалық талант", – деп құттықтады.
02 тамыз 2018 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930