» » Марстан су табылды

Марстан су табылды

Марстан су табылды
Болонья Ұлттық астрофизика институтының ғалымдары Марста шынында су бар екенін дәлелдейтін мәліметтерді жариялады.
Осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін мәлімдеген болатын. Енді Марста тұрақты түрде су бар екені туралы дәлелдер пайда болды. Астрономдардың бұл мәліметтері Science журналында жарияланды. 
Зерттеушілер мұндай қорытындыға 2012 жылғы мамыр мен 2015 жылғы желтоқсан аралығындағы "Mars Express" орбиталық зондымен жасалынған оңтүстіктегі Марс массасының 29 радиолокациялық бейнесін талдағаннан кейін келіп отыр. 
Ғаламшардың оңтүстік полюсіндегі -68 ° С температурадағы мұздың тереңдігі 1,5 шақырым. Дәл осы мұз астында зерттеушілер кішігірім көл бар деп отыр. 
Зерттеудің жетекшісі Роберто Оросеидің айтуынша, радар суреттерінде шынында да көл түсірілген. "Дегенмен, мұны дәлелдеу үшін біріншіден, біз 1,5 шақырымдық мұзды бұрғылауға қабілетті роботты дамытуымыз керек", – дейді ғалым.
26 шілде 2018 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 752
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 114

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 477

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031