» » Ресейдегі «Сбербанктің» деректер орталығына шабуыл жасалды

Ресейдегі «Сбербанктің» деректер орталығына шабуыл жасалды

Сурет: rbc.ru

14 қазан күні Ресейдің Саратов облысындағы Балаково қаласында «Сбербанктің» деректерді өңдеу орталығына дрондар шабуыл жасады. Банк басшылығы шабуыл болғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сбербанк» басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Александр Ведяхин жүйеге зақым келмегенін, барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
«Біз деректерді өңдеу орталығына шабуыл жасалғанын растаймыз. Соған қарамастан банктің барлық жүйесі мен қызметі штаттық режимде жұмыс істеп тұр», деді ол.
Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин түнгі дрон шабуылы салдарынан Балаково қаласында бір әйел қаза тапқанын хабарлады. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үйге зақым келген. Қалада мектептердегі сабақ тоқтатылып, балабақшалардың жұмысы уақытша шектелді.

Айта кетейік,2022 жылға дейін «Сбербанк» Қазақстандағы ірі банктердің бірі болды. Алайда 2022 жылы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейдің «Сбербанкі» мен оның Қазақстандағы еншілес ұйымы Батыс санкцияларына ілікті. Соның салдарынан валюталық операцияларға шектеулер енгізіліп, банк Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінен ажыратылды.
2022 жылғы қыркүйекте «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі сатып алды. Кейін қаржы ұйымы «Bereke Bank» деп қайта аталды.
Еске салайық, бұған дейін Украина дрондары Ресейдегі «Яндекс» дата-орталығына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Соның салдарынан Қазақстанда «Яндекс Go» сервистерінің жұмысы бұзылып, пайдаланушылар такси мен тамаққа тапсырыс беру кезінде қиындықтарға тап болды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.


14 қазан 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 264

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031