» » Gemini 4 Argon: Google-дың жаңа ЖИ моделі несімен ерекшеленеді?

Gemini 4 Argon: Google-дың жаңа ЖИ моделі несімен ерекшеленеді?

Сурет: blog.google

Google жасанды интеллекттің жаңа озық – Gemini 4 Argon моделін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта жүйе киберқауіпсіздік тұрғысынан тексеріліп жатыр. Оған қолжетімділік әзірге шектеулі: АҚШ үкіметі мен әзірлеушілердің өздерінен басқа тараптарға модельді пайдалануға рұқсат берілмеген.
Модель бағдарламалау, қаржылық және құқықтық талдау, сондай-ақ компьютерлік жүйелерді қорғау бағыттарында рекордтық нәтижелер көрсеткен.
Google мәліметінше, кванттық алгоритмдерді оңтайландыру кезінде Argon бірнеше минуттың ішінде нәтижені 40%-ға жақсартқан.
Сонымен қатар жаңа нейрожелі графиктерді талдай алады, ұзақ бейнематериалдарды өңдейді және бағдарламалық жасақтамадағы аса маңызды осалдықтарды өздігінен тауып, оларды жоя алады.
Жаңа әзірлеме OpenAI және Anthropic компанияларымен бәсекелестік күшейіп тұрған жағдайда Google-дың нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған.




04 қазан 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031