» » Билл Гейтс: Жасанды интеллект адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін

Билл Гейтс: Жасанды интеллект адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін

Сурет: BILD

Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жасанды интеллектінің қаупі туралы алаңдатарлық пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның бағалауынша, қазіргі таңда жасанды интеллект мүмкіндіктері соншалықты кең, оны теріс мақсатта пайдалану миллиард адамның қаза болуына әкелетін сценарийлерге себеп болуы мүмкін. Бұл әлемдегі әрбір сегізінші тұрғын зардап шегуі ықтимал деген сөз. Гейтс бұл туралы NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Алайда Microsoft негізін қалаушы қауіптің машиналардың адамзатқа қарсы көтерілісінен туындайтынын айтып отырған жоқ. Оның пікірінше, басты қауіп – заманауи ЖИ құралдарын теріс ниетпен пайдаланатын адамдар. Қазіргі технология күрделі кибершабуылдар ұйымдастыруға көмектесе алады, сондай-ақ биотерроризмге қатысты тәуекелдерді арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар Гейтс супер-ЖИ қазірдің өзінде адам бақылауынан шығып кетуі мүмкін деген пікірге күмәнмен қарайды.
«Біз жүйелер компьютерлерді автономды түрде басып алып, оларды өшіру мүмкін болмайтын кезеңге әлі жеткен жоқпыз», деді ол.
Оның айтуынша, мұндай пікірталастар кейбір адамдардың «техникалық мәселелерді қаншалықты аз түсінетінін» ғана көрсетеді.
Гейтс ЖИ-ді «өшіру батырмасы» туралы пікірталасты да дұрыс емес деп санайды. Оның айтуынша, қарапайым апаттық ажыратқыштың болуы жеткіліксіз – міндетті бақылау жүйелері мен қауіпсіздік тетіктері қажет.
Сонымен бірге Билл Гейтс жасанды интеллектіні дамытуды толығымен тоқтатуға шақырмайды.
Бұған дейін OpenAI жасанды интеллект модельдерін оқыту және тестілеу кезінде анықталған күтпеген әрекеттердің бірнеше мысалын жариялады. Компанияның мәліметінше, эксперименттік модельдердің бірі пайдаланушының рұқсатынсыз өзі жасаған файлды интернетке жүктеген.


28 қыркүйек 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 929
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930