» » Канада Еуроодақтың құрамына кіруі мүмкін

Канада Еуроодақтың құрамына кіруі мүмкін


Сурет: istockphoto.com
Канада Еуропалық одақтың алғашқы «қауымдастырылған мүшесі» болуға шақырту алды. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа мәртебе ЕО үшін бұрын болмаған формат саналады. Оның нақты шарттары, соның ішінде қауымдастырылған мүшенің ЕО институттарында дауыс беру құқығы әзірге анықталмаған.
Еурокомиссия басшысы Канадамен технология, маңызды шикізат, энергетика, қорғаныс, Арктика жобалары және жасанды интеллект салаларында жаңа одақ құруды ұсынды.
«Бізді ортақ құндылықтар мен әлемге деген ортақ көзқарас біріктіреді. Енді ортақ болашағымызды бірге құрамыз», деді ол.
Канада мен ЕО арасындағы жақындасу Оттава мен Брюссельдің бірқатар бағытта келіссөз жүргізуіне байланысты күшейіп отыр. Атап айтқанда, Канада Erasmus+ бағдарламасына қосылу, Horizon Europe гранттарына қол жеткізу және кәсіби біліктіліктерді өзара тану мәселелерін талқылап жатыр.
18 қыркүйек 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031