Мәслихаттар сайлауы
» » 44 жылдан кейін: «Мисс әлем» тәжін Доминикан аруы жеңіп алды

44 жылдан кейін: «Мисс әлем» тәжін Доминикан аруы жеңіп алды

Сурет: ашық дереккөзден
«Мисс әлем» халықаралық сұлулық байқауының 75-финалында Доминикан Республикасының өкілі Джохейри Мола Домингес бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 жастағы жеңімпаз – журналист әрі қоғам белсендісі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Доминикан Республикасы «Мисс әлем» атағын 44 жылдан кейін қайта иеленіп отыр. Бұған дейін аталған елдің өкілі Мариасела Альварес 1982 жылы байқау жеңімпазы атанған болатын.
Байқаудың бірінші вице-миссі атағын Испания өкілі Элизабет Рейнес иеленсе, екінші вице-мисс атағы Малайзиядан келген Таанусия Четтиге бұйырды.
«Мисс әлем-2026» байқауының финалы Вьетнамның Нячанг қаласында өтті. Биыл әлемнің 111 елінен келген ару бас жүлде үшін бақ сынады. Қатысушылар өз елдерінде өткен ұлттық іріктеу кезеңдерінен кейін Вьетнамға жиналып, 29 тамыздан бастап түрлі дайындық шаралары мен байқаудың бірнеше кезеңіне қатысты.

07 қыркүйек 2026 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 316
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30