» » “Ғалам аруы 2024" байқауының жеңімпазы алғаш рет даниялық ару болды

“Ғалам аруы 2024" байқауының жеңімпазы алғаш рет даниялық ару болды


Фото: Raquel Cunha/Reuters
“Ғалам аруы 2024" байқауында 21 жастағы Дания өкілі Виктория Кьер Тейлвиг жеңімпаз болды . Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виктория Кьер Тейлвиг 2003 жылы 13 қарашада Данияның Сёборг қаласында дүниеге келген. Ол бизнес және маркетинг факультетін тәмамдаған. Ұзақ уақыт бойы оқуын зергерлік саладағы табысты мансабымен үйлестіріп, алмас тастарды сату бойынша маманданған. Виктория дарын биші. Ол Еуропа және әлем чемпионаттарына қатысқан. Қазіргі уақытта би мұғалімі болып жұмыс істейді және жеке әндерін шығарумен айналысады. Сондай-ақ экология мен жануарларды қорғауға белсене араласады. 
Байқауда сонымен қатар төрт ару вице-мисс титулын иеленді: Чидимма Адетшина (Нигерия), Мария Фернанда Белтран (Мексика), Сучата Чуангсри (Таиланд) және Илеана Маркес (Венесуэла). Сонымен қатар, әлемнің ең әдемі 12 қызының қатарына келесі елдердің өкілдері кірді: Ресей, Перу, Чили, Боливия, Канада, Аргентина және Пуэрто-Рико.
Айта кетсек, бұл жылы сайысқа Беларусь, Эритрея және Біріккен Араб Әмірліктері алғаш рет өз қатысушыларын жіберді.
"Әлем Miss" — әлемдегі ең мәртебелі және беделді сұлулық байқауларының бірі.
2023 жылы "Ғалам аруы" коронасы 23 жастағы Никарагуа өкілі Шейнис Алондре Паласиос Корнехоға бұйырған еді. 
17 қараша 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 278
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 972

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031