» » Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салуға келісті

Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салуға келісті

Сурет: KaktusMedia агенттігі
Қырғызстан мен Қытай мәңгілік достық келісіміне қол қойып, шекарада көпір салуға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz KaktusMedia агенттігіне сілтеме жасап
Агенттіктің мәліметіне қарағанда, Бішкекте Қырғыз Республиасының президенті Садыр Жапаров Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізіп, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси сенім, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолын салу және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
«Келіссөз нәтижесінде тараптар Мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге, Қырғызстан мен Қытайдың жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық серіктестікті сапалы дамыту туралы бірлескен декларациясы мен басқа да бірқатар құжатқа қол қойды. Сонымен бірге қырғыз-қытай шекарасындағы «Бедел» бекеті маңында шекара аумағынан өтетін Үзеңгі-Қуш өзені арқылы автомобиль көпірін салу туралы келісімге қол қойылды», делінген хабарламада.
Кездесуде Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы «Бедел» бекетін дамыту және Барскоон – Бедел тасжолын салуға ерекше назар аударылды.
Барскоон – Бедел тасжолының жалпы ұзындығы шамамен 150 шақырым. Ол былтыр 26 тамызда басталған болатын. Жол 2030 жылы толық пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Осы күндері Қырғызстанның Бішкек қаласына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары ұйым кеңесінің 26-отырысына қатысу үшін жиналды. Оның аясында «ШЫҰ+» пішініндегі кездесулер болады.
02 қыркүйек 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 763
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 206

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930