Мәслихаттар сайлауы
» » Сегіз жастағы бүлдіршін шетелде үш жүлде жеңіп алды

Сегіз жастағы бүлдіршін шетелде үш жүлде жеңіп алды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек көркем гимнастикадан Қытайдың Гуандун провинциясының Хуэйчжоу қаласында өткен Zhong Ling Cup турнирінде бірден үш жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, турнирге Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия мен басқа да елдердің гимнастшылары қатысты. Қазақстан намысын жарыста 9 спортшы қорғады.
«Әлем Академиясының» тәрбиеленушісі, 8 жастағы Медина Есенбек жарыста үш медаль жеңіп алды. Ол шығыршықпен жаттығуда алтын, ал құралсыз жаттығу мен көпсайыста екі күміс медаль иеленді.
Кішкене қыз кілемге қазақы ою-өрнекпен көмкерілген костюм киіп шығып, қазақ музыкасының сүйемелдеуімен айдында билеп шықты.
Бұл турнир бүлдіршін қыз үшін бұл турнир тек спорттық жетістікпен шектелмей, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты танытуға берілген үлкен мүмкіндік болды.
Жақында гимнастшы қыздардың бірі Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жалпыесепте алтыншы орын алған еді.
Бұған дейін ол Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан өткен халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені жеңіп алған болатын.
21 тамыз 2026 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30