» » Қытай дрондарға қарсы жаңа қорғаныс әдісін әзірледі

Қытай дрондарға қарсы жаңа қорғаныс әдісін әзірледі

Сурет: Reuters
Қытайдың Beijing Ribri Technology компаниясы акустикалық матрица арқылы дрондарды дыбысынан анықтап, жасанды интеллекті бар камералардың көмегімен оларды жойып жіберетін құрылғыны ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл құрылғы радар қолданбай, алыстан ұшып келе жатқан ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) атып түсіре алады.
Жүйе шағын FPV-дрондардан бастап, «Шахед» типіндегі ірі ұшқышсыз аппараттарды анықтайды. Ол салмағы небәрі 6,4 кг болатын арнайы блок пен 48 микрофоннан тұратын матрицамен жабдықталған.
Сонымен бірге ол дронды жасанды интеллект арқылы таниды.  Құстардың дауысын, жел мен басқа да дыбыстарды бірден ажыратады.
Жаңа жүйе кез келген уақытта нысанды 4 км-ге дейінгі қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін камерамен жабдықталған. Содан кейін онда
лазерлік қашықтық өлшегіштер де бар. Олар нысанның нақты координаттары мен қашықтықты нақты уақыт режимінде есептейді.
Құрылғы радиодиапазонда алыстан көрінетін сәуле шығармайды. Сондықтан оны радиолокациялық сәуле бойынша анықтау қиын. Ол сондай-ақ, ылғал мен шаңнан қорғалған. Аспандағы дронды да құсты да бір уақытта бақылай алады.
Қазір Украина мен Ресейдің соғысына қарап, болашақта жер-жүзінде «дрондар соғысы» болуы мүмкін деген пікірлер жиі айтылуда. Егер Қытай жоғарыда аталған құрылғыны жаппай шығаратын болса, онда «дрондар соғысы» басталмай жатып, аяқталады деуге болады. Соған қарамастан дүниежүзінде дрондардың жаппай өндірісі басталып та кетті. Олардың қатарынан еліміз де қалып отырған жоқ.
Бүгінде Қазақстанда дрон құрастырумен айналысатын 20-ға жуық кәсіпорын бар, олардың көбі қорғаныс саласына маманданған. Енді Павлодарда ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірісі басталды.
Қарулы Күштердің Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелер және робототехника кешендері департаменті бастығының орынбасары Әмір Қасеновтің айтуынша, әскерде дрондар кең ауқымды міндеттерді атқаратынын айтты. Оның айтуынша, Дрондар мемлекеттік шекараны патрульдеу, соққы беру міндеттерін орындау, сондай-ақ әртүрлі қамтамасыз ету түрлері бойынша тапсырмаларды жүзеге асырады. Олардың қатарына радиоэлектрондық күрес, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, экологиялық қауіпсіздік, байланыс және басқа да бағыттар жатады.
19 тамыз 2026 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 792
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 080

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930