» » Чилиде жасанды интеллект су шығынын 54%-ға қысқартты

Чилиде жасанды интеллект су шығынын 54%-ға қысқартты

Фото elmaipo.cl
Чилиде жасанды интеллект негізіндегі жаңа технология егістіктерді суару барысында ысырапшылдыққа жол бермеді. Жаңа жүйе су шығынын 54%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүйе топырақтың ылғалдылығы, ауа райы болжамы, өсімдіктің даму кезеңі және басқа да деректерді нақты уақыт режимінде талдап, әр алқапқа қажетті су көлемін дәл есептейді. Соның нәтижесінде артық суару азайып, су ресурстары тиімді пайдаланылады.

Мамандардың айтуынша, мұндай технология су тапшылығы жиі байқалатын өңірлер үшін ерекше маңызды. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы шығындарын азайтып, өнімділікті арттыруға және қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге ықпал етеді.
Жасанды интеллектіге негізделген бұл шешім болашақта басқа елдердің ауыл шаруашылығында да кеңінен қолданылуы мүмкін.
21 шілде 2026 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031