» » Қытай роботтары енді домбыра шертуі мүмкін

Қытай роботтары енді домбыра шертуі мүмкін

Қытайда инженерлер халықаралық жарысқа дайындық шеңберінде бесаспап гуманоид роботтарды сынақтан өткізіліп жатыр. Алғашқы сынақтың бірі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 
24kz мәліметінше, қазір Қытайда роботтар өнер мен спорт саласына қарқынды енгізіле бастады. Олар жасанды интеллекттің көмегімен атқа мініп, домбыра шертуге икемделіп жатыр. Нысана көздеп, садақ ататын роботтар да бар. Бұл еріккенің ермегі емес. Қытай билігі осындай іс-шаралар арқылы бәсеке туғызып үздік жобаларды анықтайды. Жеңіп шыққандарын қаржыландырып одан әрі дамытуға қолдау көрсетеді. 

Айта кетейік, Қытай адам тәрізді роботтардың 400-ден астам түрін жасап шығарды, бұл жаһандық нарықтың жартысынан көбін құрайды.
Биыл тамыз айында Бейжіңде өтетін Дүниежүзілік роботтар ойындарында құлтемірлер 30 түрлі сынақтан өтіп, өздерінің икемділігі мен басқару дәлдігін көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін UBTECH Robotics компаниясы Алматы қаласында өзінің шетелдегі алғашқы зауытын салады. Гуманоидты және білім беру саласына арналған роботтарды өндіретін зауыттың құрылысы туралы келісім жасалғаны туралы хабарлаған едік. 
02 тамыз 2026 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 205
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30