» » АҚШ Трамптың бейнесі бар паспорттарды шығарды

АҚШ Трамптың бейнесі бар паспорттарды шығарды

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шектеулі сериядағы Patriot Passport мерейтойлық паспорттарын шығара бастады. Құжаттың ішкі мұқабасында АҚШ президенті Дональд Трамптың портреті бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, мерейтойлық паспорттар стандартты америкалық паспорттардағы барлық қорғаныс элементтерімен жабдықталған. Биыл мұндай 250 мың дана паспорт шығарылады.

Бастапқыда арнайы паспорттар тек Вашингтонда берілсе, енді өтінім қабылдау арқылы Чикаго, Даллас, Детройт пен Лос-Анджелес сияқты қалалардағы агенттіктерде де ұйымдастырылады.

Мерейтойлық паспорттың ішкі бетінде Дональд Трамптың портреті, АҚШ Тәуелсіздік декларациясының мәтіні мен алтын түсті қолтаңба орналастырылған. Құжатты рәсімдеу стандартты мемлекеттік баж салығы бойынша жүргізіледі.
31 шілде 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30