Құрылтай
» » Түркияның Малатия провинциясында жер сілкінді

Түркияның Малатия провинциясында жер сілкінді

Түркияның Малатия провинциясына қарасты Батталгази ауданында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 06:20-да болған. Жер сілкінісінің ошағы 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінен қандай да бір қолайсыз жағдайлар туралы ақпарат түскен жоқ. Қазір оқиға орнындағы ахуалды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еuronews агенттігінің мәліметінше, әлемдегі сейсмикалық белсенділігі жоғары елдердің бірі саналатын Түркияда жыл сайын магнитудасы 5 және одан жоғары кемінде бір жер сілкінісі тіркеледі.
 
Соңғы жүз жыл ішінде Түркия бірнеше жойқын жер сілкінісін бастан өткерді. Олардың қатарында 1939 жылғы Эрзинжан жер сілкінісі бар. Сол апаттан шамамен 33 мың адам қаза тапты. Ал 1999 жылы Измитте болған жер сілкінісі 17 мыңға жуық адамның өмірін қиды.

2023 жылы елдің оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында болған екі жойқын жер сілкінісі салдарынан 53 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл апаттан келген экономикалық шығын Түркияның 2023 жылғы ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) шамамен 10 пайызына тең деп бағаланды.
Айта кетейік, бұған дейін Мексиканың Чьяпас штаты жағалауы – Тынық мұхитында магнитудасы 7,4 болатын қуатты жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық.
18 шілде 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 084

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31