» » Германия билігі зейнет жасын 70-ке дейін көтеруді ұсынды

Германия билігі зейнет жасын 70-ке дейін көтеруді ұсынды


Германияда зейнетке шығу жасын 70 жасқа дейін кезең-кезеңімен көтеру ұсынылды. Бұл бастаманы ел канцлері Фридрих Мерц қолдап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Реформа 2090 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар жоспар аясында мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін алып тастау және арнайы мемлекеттік инвестициялық қор құру көзделген. 
Жаңа жүйеге сәйкес, қорға азаматтардың міндетті жарналары есебінен жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро аударылып отырады. Кейін бұл инвестициялардан түсетін табыс зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға жұмсалады.
Фридрих Мерцтің айтуынша, аталған шаралар халықтың қартаюы жағдайында зейнетақы жүйесіндегі дағдарыстың алдын алып, жастарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Германия билігі ауқымды реформаны биылғы жылдың соңына дейін парламент арқылы қабылдауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Германия тұрғындары 66 жасында зейнетке шығады.
Айта кетейік, елімізде зейнет жасы ерлер үшін 63 жас болса, әйелдер үшін 61 жас болып бекітілген.


25 маусым 2026 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30