» » Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды

Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды

Фото: apnews.com
АҚШ-тың Флорида штаты жағалауында су астында жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде құны шамамен 1 млн доллар болатын испан қазынасы табылды. Құтқару жұмыстарымен айналысатын компания сүңгуірлері 1 000-нан астам алтын және күміс теңгені теңіз түбінен алып шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Мамандардың мәліметінше, табылған теңгелердің басым бөлігі Боливия, Мексика және Перу аумағындағы испан отарларында соғылған. Қазына биыл жазда Атлант мұхитының Флоридаға қарасты бөлігінен табылған. Бұл аумақ бұрыннан тарихи олжаларымен белгілі.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1715 жылғы 31 шілдеде Испанияға қайтып бара жатқан алтын, күміс және асыл тастарға толы кемелер күшті дауылға тап болып, апатқа ұшыраған. Салдарынан қазынаның басым бөлігі теңіз түбіне кеткен. Кейін бұл аймақ «1715 жылғы флот қазынасы» ретінде тарихта қалды.
Содан бері Мельбурннан Форт-Пирске дейінгі жағалау бойынан қазына іздеушілер бірнеше рет бағалы бұйымдар тапқан. Жаңа олжаның ерекшелігі – кейбір теңгелерде соғылған уақыты мен таңбалары анық сақталған, бұл тарихшылар мен коллекционерлер үшін аса құнды дерек көзі саналады.
ФотоКомпания өкілі Сэл Гуттузоның айтуынша, бұл олжа тек қазынаның өзі ғана емес, оның артында жатқан тарихымен маңызды. Әрбір теңге – Испания империясының гүлденген дәуірінде өмір сүрген адамдардың нақты ізі. Бір жолғы іздеу барысында 1 000 теңгенің табылуы – сирек әрі ерекше жағдай.
Қазына іздеу жұмыстары арнайы техника көмегімен жүргізіледі. Сүңгуірлер металл анықтайтын құрылғыларды пайдаланып, теңіз түбіндегі құмды қолмен немесе арнайы құралдармен аршып шығады.
Айта кету керек, Флорида заңнамасына сәйкес, штат аумағындағы немесе суларындағы тарихи жәдігерлер мемлекет меншігі саналады. Дегенмен арнайы рұқсат алған компаниялар оларды іздеп табу жұмыстарын жүргізе алады. Заң бойынша, табылған олжаның шамамен 20%-ы мемлекетке тиесілі болып, музейлер мен ғылыми зерттеулерге беріледі. Қалған бөлігі қазына іздеушілер арасында бөлінеді.
Сэл Гуттузо атап өткендей, барлық заттың толық тізімі жасалып, мемлекетке ұсынылады. Қазынаның бір бөлігі халық игілігіне айналып, музейлерге қойылады. Бастысы бәрін заң аясында, дұрыс жасау керек.
Мұндай олжалар тарихи мұра ғана емес, сонымен қатар, туризм мен ғылыми зерттеулердің дамуына серпін беретін маңызды ресурс саналады.
30 наурыз 2026 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 747
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 110

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 476

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031