Құрылтай
» » Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады

Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады

Швеция – бүгінде мектептерге кітап пен қаламды қайта енгізіп жатқан елдердің бірі, деп жазады Egemen.kz.  
Бұл шешімнің себебі ерекше назар аударуға тұрарлық. Себебі, мектеп оқушылары толықтай планшеттер мен цифрлық оқыту жүйесіне көшкеннен кейін, мұғалімдер оқушылардың бойынан алаңдатарлық үрдістерді байқай бастады. Атап айтқанда, оқығанын түсіну деңгейі төмендеді, зейіннің шоғырлануы қысқарды, тіпті негізгі дағдылардың деңгейі де айтарлықтай азайды. Яғни нәтижелер күткендегідей болмады.
Осыған байланысты Швеция білім беру саласындағы өз тәсілін қайта қарастыруға шешім қабылдады. Мемлекет қайтадан баспа оқулықтарына, қолмен жазуға және дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады. Сонымен қатар гаджеттер толықтай жойылған жоқ, бірақ енді білім берудің негізгі тірегіне айналмайды.
Қазіргі зерттеулер бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Мәселен, оқушылар ақпаратты қағаздан оқығанда оны жақсырақ меңгеріп, есте сақтайды. Бұл технологиядан бас тарту емес, керісінше, тепе-теңдікке қайта оралу. 
20 ақпан 2026 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31