» » Tesla роботтары қашан сатылымға шығады?

Tesla роботтары қашан сатылымға шығады?

Фото: BuldingTESH
Илон Маск адамға ұқсас роботтарды қарапайым тұтынушыларға сатуды 2027 жылдың соңына жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Масктың сөзінше, Optimus жай ғана техника емес, адамның күнделікті тіршілігіне көмектесетін ақылды көмекші болады. Яғни, ол үй шаруасына көмектесіп, түрлі тапсырманы орындай алады. Алайда роботтың нақты бағасы әзірге жарияланған жоқ.
Дегенмен Маск бұл уәдені нақты бекітіп отырған жоқ. Ол Tesla роботтарды тек толық дайын, қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істейтініне көз жеткізген кезде ғана сатылымға шығаратынын атап өтті. Сол себепті кейбір сарапшылар мен Engadget басылымының журналистері компания алдағы 2 жылда роботтарды нарыққа шығара қояды деп сенбей отыр. Өйткені мұндай технологияда күтпеген қиындықтар жиі кездеседі.
Айта кетейік, 2024 жылдың ортасында Илон Маск инвесторлармен кездесуде Optimus роботтарының бағасы шамамен 10 мыңнан 20 мың долларға дейін болуы мүмкін екенін айтқан.
02 ақпан 2026 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 091
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 682

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031