» » Прокурорлар Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады

Прокурорлар Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады

фото: © REUTERS / Kim Hong-Ji
Оңтүстік Кореяда арнайы прокурорлар тобы елдің экс-президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. 
Қазіргі уақытта сотта 2024 жылдың соңында елде әскери жағдай енгізуге бағытталған әрекеттерге байланысты Юн Сок Ёльге қатысты іс қаралып жатыр. Тергеу деректеріне сәйкес, бұрынғы президент парламенттің әскери жағдайды жою туралы шешім қабылдауына кедергі келтіру үшін әскерді Ұлттық жиналыс ғимаратына жіберген. Осыған байланысты прокурорлар оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап отыр.
Айыптаушы тараптың пайымдауынша, Юн Сок Ёль негізгі мемлекеттік институттарды бақылауға алу арқылы билікті сақтап қалуды көздеген. Бұл іс бойынша сот үкімі ақпан айында жарияланады.
Прокуратура үш түрлі жаза нұсқасын ұсынып отыр:
  • өлім жазасы (соңғы рет 1997 жылдың желтоқсанында қолданылған);
  • мәжбүрлі еңбекпен өмір бойына бас бостандығынан айыру;
  • мәжбүрлі еңбексіз өмір бойына бас бостандығынан айыру.
Сеул қаласының Орталық аудандық соты судьялар алқасының хабарлауынша, арнайы прокурор Чо Ын Соктың жазаға қатысты талаптарын тыңдау үшін қосымша сот отырысы келесі сейсенбіге белгіленген.
Аталған іс бойынша айыпталушылар қатарында бұрынғы президентпен бірге барлығы сегіз адам бар. Олардың ішінде экс-қорғаныс министрі Ким Ён Хён, Ұлттық полиция агенттігінің бұрынғы басшысы Чо Джи Хо және әскери жағдайды жоспарлау мен енгізуге қатысы бар деп танылған тағы бес тұлға бар.
Юн Сок Ёль бұрынғы қорғаныс министрі және басқа да адамдармен бірге Конституциялық тәртіпті әлсірету мақсатында бүлік ұйымдастыру үшін сөз байласты деген айыпқа тартылған. Сондай-ақ елде соғыс немесе соған тең ұлттық төтенше жағдай болмағанына қарамастан, әскери жағдайды заңсыз жариялады деген кінә тағылып отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, экс-президент депутаттардың әскери жағдайды жою туралы дауыс беруіне жол бермеу үшін Ұлттық жиналыс аумағын әскер мен полиция күшімен қоршауға, сондай-ақ парламент төрағасын, билік партиясы мен негізгі оппозициялық партия басшыларын қамауға алу жөнінде бұйрық берген деп айыпталуда.
Еске сала кетейік, құқық қорғау органдары Юн Сок Ёльді бүлік ұйымдастырды деп айыптағаннан кейін парламент оған импичмент жариялап, қызметінен шеттеткен. Мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару Хан Дук Суға жүктелген.
Ал экс-президенттің адвокаттары оның қамауға алынуына негіз жоқ екенін айтып, Конституция президентке әскери жағдай жариялау құқығын беретінін алға тартуда.
Бұған дейін тергеу органдары Юн Сок Ёльді қамауға ала алмаған еді. Алайда 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, ол изоляторға жеткізілді. Осылайша, әскери жағдай жариялау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін төрт ай өткен соң Юн Сок Ёль мемлекет басшысы қызметінен түпкілікті айырылды.

15 қаңтар 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 225
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031