» » АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

фото: Getty Images
АҚШ Конгресінің өкілі, Демократиялық партиядан сайланған Эйприл Макклейн Делэйни Венесуэлада жүргізілген әскери операцияға байланысты ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Мэриленд штатынан сайланған Делэйни президенттің өкілетінен асып, билік тармақтарының тепе-теңдігін бұзуына қарап отыра алмайтынын айтты.
Оның айтуынша, Трамп Конгресс мақұлдамаған әрекетке барған. Бұл – АҚШ Конституциясының талаптарын бұзу. Сонымен қатар, ол Венесуэла президенті Николас Мадуроны орнынан кетіргеннен кейін бұл елді өзі басқаруға ниетті екенін білдірген.
Импичмент туралы айта келе, Делэйни бұл бастама конституциялық тәртіп пен заң шығарушы биліктің рөлін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Трамп әкімшілігі Венесуэладағы операцияны бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігі аясында жүргізілген шара деп атады. Олар бұл әрекетті ордер негізінде жүзеге асқан операция ретінде сипаттады.
АҚШ Конгресіндегі демократтар Ақ үйдің бұл әрекетін қатаң сынға алды, себебі Конгресс тарапынан алдын ала хабарлау және рұқсат алынбаған.
Сенбіге қараған түні Каракаста бірнеше жарылыс болды. Президент Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Венесуэла астанасына ірі соққылар жасап, президент Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындап, елден шығарған. Болжам бойынша, олар алдымен Гуантанамо әскери базасына, кейін Нью-Йоркке жеткізіліп, Бруклиндегі тергеу изоляторына қамалып, кейін сотқа тартылды. Мадуроға бірнеше ауыр айып тағылды. 
Каракас билігі АҚШ-тың шабуылдағы басты мақсаты — Венесуэланың мұнай мен минерал ресурстарын бақылауға алу деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ операция барысында халықаралық құқық нормаларын бұзғанын айтты.
07 қаңтар 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031