» » АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

Фото: altn.news
АҚШ президенті Дональд Трамп Дания бақылауындағы Гренландияға арнайы өкіл тағайындағаннан кейін Америка аралды басып алуға қамдануы ықтимал деген болжам айтылып қалып жатты. Десе де АҚШ-тың Гренландияға жаңадан тағайындалған өкілі Джефф Лэндри ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Арнайы өкілдің айтуынша, Трамптың тағайындауы АҚШ пен Гренландия арасындағы ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық байланысты нығайтуды көздейді.
«АҚШ әрқашан қонақжай ел болған және Трамп әкімшілігінің «біреуді жаулап алу» немесе «біреудің елін басып алу» ниеті жоқ», деп түсіндірді Джефф Лэндри.
Дания тарапы өз кезегінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген желеумен бір елді екінші елге қосып алуға болмайтынын және ұлттық шекаралар мен мемлекеттердің егемендігі халықаралық құқықта бекітілгенін мәлімдеді. 
Д.Трамп 22 желтоқсан күні Truth Social сайтында «Джефф Лэндри Гренландия біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді және одақтастарымыздың, әлемнің қауіпсіз болуына мүдделіміз», деп жазды.
23 желтоқсан күні Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен Трамп мәлімдемесі қабылданбайтынын әрі АҚШ елшісін шақыртатынын хабарлады. 
Айта кетейік, АҚШ Ресей және Украина арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға мүдделі басты араағайын болып отыр. 
26 желтоқсан 2025 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930