» » Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды

Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды

Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дереккөздің мәліметінше, Наргиз Мохаммади саяси тұтқындарды бірнеше рет қорғаған, жақында қайтыс болған адвокат және құқық қорғаушы Хосрова Аликордиді еске алу шарасы кезінде қамауға алынды. Адвокат Хосрова Аликорди жұмыс орнында жүрек талмасынан көз жұмған. Бірақ оның өліміне қатысты сұрақ көп.  
Мохаммади осымен 14-ші рет темір тордың ар жағында отыр. 2016 жылы ол өлім жазасына қарсы адам құқықтары қозғалысын басқарғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 2024 жылдың желтоқсанында ол аяғына операциядан кейін медициналық себептермен уақытша босатылды, содан кейін оның жазасы бірнеше рет ұзартылды.
Мохаммади үкіметтің қысымына қарамастан наразылықтарға қатысуын жалғастырды. Ол тіпті бұрын өзі ұсталған Тегерандағы атышулы Эвин түрмесінің алдында шеру өткізді. Эвин темірторы азаптаумен, тұтқынды камерада жалғыз және мыңдаған саяси тұтқындарды негізсіз ұстаумен танымал.
Amnesty International ұйымының мәліметінше, Мохаммади қамауда азапталып, бірнеше рет инфаркт болған.
15 желтоқсан 2025 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930