» » Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон бойынша ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы шешім Женевада өткен ұйым кеңесінің кезекті сессиясында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұйым өкілдері Димаштың шығармашылығы адамзаттың рухани құндылықтарын насихаттап келе жатқанын атап өтті. Әнші әлемдік тыңдармандарға гуманизм, мейірім және мәдениеттерді жақындастыру идеяларын жеткізіп жүр.
IOM мәліметінше, Димаштың «Stranger» атты ән кештері Нью-Йорк, Мехико, Берлин секілді ірі қалаларда өтіп, 100 мыңнан астам көрерменді жинаған. Тыңдармандар оның өнерін «жүрекке ем, жанға дауа» деп бағалайды.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2024 жылы осы ұйымның аймақтық Ізгі ниет елшісі болып тағайындалған еді. Енді ол жаһандық деңгейде мигранттардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз және реттелген көші-қон идеясын ілгерілету бағытында халықаралық бастамаларды қолдауға атсалысады. 
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы «Шексіз музыка» атты кітап жарыққа шыққанын хабарлаған едік.
09 желтоқсан 2025 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930