» » Ғалымдар Айдың қалыптасуы туралы жаңа дерек ұсынды

Ғалымдар Айдың қалыптасуы туралы жаңа дерек ұсынды

Фото: istockphoto.com
АҚШ ғалымдары Жер мен Айдың шығу тегіне қатысты таңғаларлық деректерді анықтады. Ғалымдар олардың химиялық ұқсастығы өте ежелгі ғаламдық апаттың – Теия протопланетасының соқтығысының ізін сақтап қалғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Science журналында жарияланған жаңа ғылыми жұмыста Макс Планк атындағы Күн жүйесін зерттеу институты мен Чикаго университетінің мамандары Айдың қалыптасуына қатысты жаңа болжамды ұсынды. Зерттеу барысында олар Жер мен Айдан алынған сынамалардағы темір изотоптарының қатынасын мұқият талдап, бұл көрсеткіштердің бір-біріне барынша жақын екенін анықтаған.
Темірмен бірге хром, молибден және цирконий сияқты элементтердің изотоптық құрамын салыстыру да маңызды нәтижелер берген. Барлық дерек Жер мен Айдың ортақ бастауын меңзейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын Жерге Теия деп аталатын ірі протопланета келіп соқтығысқан. Бұл қақтығыс жас Жердің өлшемі мен ішкі құрылымын өзгертіп қана қоймай, орбитасына да айтарлықтай әсер еткен. Соқтығыс нәтижесінде ғарышқа шашылған материал кейін Ай ретінде қалыптасқан.
Зерттеу авторлары Жер мен Ай құрамын Күн жүйесінің түрлі аймақтарынан шыққан метеориттермен салыстыра отырып, Теияның «құрылыс материалы» Күнге жақынырақ аймақта тұрғанын тұжырымдаған. Есептеулер протопланета Жер орбитасының ішкі бөлігінде қалыптасып, соқтығысқа дейін екі аспан денесі бір-біріне өте жақын орналасқанын көрсетеді.
27 қараша 2025 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 051
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031