» » Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

Фото: The National
Дубай қаласында орналасқан әлемдегі ең биік қонақүй – Ciel Dubai Marina алғашқы қонақтарын қарсы алды. Ғимарат биіктігімен және керемет инфрақұрылымымен туристерді тәнті етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биіктігі 377 метр болатын Ciel Dubai Marina қонақ үйінде 82 қабат және 1004 бөлме бар. Қонақ үйде азиялық, жерорта теңізі және үй тағамдарын қоса алғанда, бірнеше мейрамхана бар.
Сонымен қатар қонақ үйде әлемдегі ең биік панорамалық бассейн – Tattu Sky спа-орталығы бар. Ғимараттың 76-шы қабатта орналасқан бассейн қаладан 310 метр биіктікте көз тартады. Сондай-ақ, 61-ші қабатта спа-орталық және тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу залы бар. Барлық қонақтарға Soluna Beach Club жағажай клубына тегін трансфер ұсынылады, ол жасанды Пальма-Джумейра аралында орналасқан. Жобаның құны – 544 миллион доллар.
The National мәліметінше, Дубайда әлемдегі ең биік қонақ үйлердің сегізі орналасқан. Солардың ішінде әйгілі «Burj Al Arab» қонақ үйі де бар, оның биіктігі  321 метрді құрайды.
17 қараша 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930